Еуропадағы ең биік 3D баспа ғимараты небәрі 140 сағатта тұрғызылды (видео)
Еуропадағы ең биік 3D баспа ғимараты небәрі 140 сағатта тұрғызылды (видео)
1 ай бұрын 573 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германияның Гейделберг қаласында Wave House деректер орталығының бірегей ғимараты салынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дизайнын SSV және Mense Korte компаниялары орындады. Жалпы ауданы 600 шаршы метр аумақты алып жатқан нысанды Peri 3D Construction компаниясы 3D басып шығару технологиясын қолданып, небәрі 140 сағатта тұрғызды. COBOD BOD2 өнеркәсіптік принтерін қолданатын құрылыс процесінде бетонға ұқсас қоспа қаттап, қабаттап қаланды. Қабырғасы тұрғызылғаннан кейін шатыр мен есіктері орнатылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Содан кейін инженерлік желілер тартылып, тиісті қондырғылар орнатылды. Ал үй-жайлардың ішін бояу үшін робот-суретші пайдаланылды. Аталмыш жоба сәуір айында басталып, 2023 жылдың қазан айында аяқталды. Архитектурада үш өлшемді басып шығару технологиясы құрылыс алаңдарында барлық процестердің кем дегенде 50%-ын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл жайт өз кезегінде шығынды азайтып, жұмыс қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар, бұл тәсіл әдеттегі құрылысқа арналған бетон өндірісімен байланысты атмосфераға бөлінетін парниктік газ мөлшерін айтарлықтай азайтады.

0 пікір
Мұрағат