ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР АУЫЛЫ ЖАЙЛЫ ЕСТІП ПЕ ЕДІҢІЗ?! (ФОТО)
ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР АУЫЛЫ ЖАЙЛЫ ЕСТІП ПЕ ЕДІҢІЗ?! (ФОТО)
8 жыл бұрын 12364 muslim.kz

Ел аузында "Ергежейлілер ауылы" атанып кеткен бұл елдімекен Иран елінің Оңтүстік Қорасан провинциясында орналасқан. Ауғанстан шекарасынан 20 шақырым жерде орналасқан бұл ауылды бірден байқау қиын. Сұр түсті тау шатқалдары арасында орныққан кішкене үйлер көзге бірден шалына қоймайды.

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Дегенмен, бұл ауылдағы үйлердің барлығы кішкене болғанымен, тұрғындарының дене тұрқы бізден еш айырмасы жоқ болып шықты. Жылы жүзбен қарсы алып, жергілікті мешіттеріне бастай жөнелген жандардың ерекше мейірімді екені сезіліп тұрады.

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Махуник деп аталатын бұл елдімекенге "ергежейлілер ауылы" деген атау сонау көне замандарда берілген көрінеді. Осыдан мың жарым жыл бұрын іргестасы қаланған бұл ауылдың тұрғындарының бойы сол кезде бір метрден аспайтын болған. Зерттеушілер бұл құбылысты ауыл тұрғындарының бір-бірімен некелесуінен болған жайт түсіндіреді. Сондай-ақ, күнделікті қолданылатын азық-түлік түрлері мен ауыз су құрамындағы элементтердің тигізген үлесі бар дейді.

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Қазіргі таңда бұл ауылда 700-ге жуық жан өмір сүреді.

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Сыртынан қарағанда саңырауқұлақтарды еске түсіретін кішкене үйлерде ауыл тұрғындары әлі күнге дейін керосинмен жанатын шам қолданады.

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Ауыл үйлерінің барлығы неолиттік сәулет құрылысы бойынша салынған.+

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Таинственная деревня лилипутов в Иране

Өркениеттен алыста қалғандай көрінгенімен, Махуник ауылында мектеп жұмыс жасайтын көрінеді. Ал, кешкісін ауыл жастары мешіт имамынан дәріс алуға жиналады. 

Таинственная деревня лилипутов в Иране 

Таинственная деревня лилипутов в Иране

0 пікір
Мұрағат