Ер-азаматтар арасында өлім-жітім көрсеткіші өсіп барады
Ер-азаматтар арасында өлім-жітім көрсеткіші өсіп барады
8 жыл бұрын 2634

2015 жылы Сауд Арабиясында 45683 адам қаза тапқан екен. Аталған елдің жергілікті билік істеріне жауапты министрлік келтірген мәліметке қарағанда, елдегі өлім-жітімнің 63%-ы ер-азаматтардың «еншісінде». Ер балаларды қоса алғанда. Осыған байланысты жақын арада эпидемиологтар қауымдастығының жетекшісі Әлі аз- Захраридің бастамасымен арнайы комиссия құрылып, бөріктілердің ақ жаулықтыларға қарағанда неліктен көп өлетінін анықтауға кіріседі. Айта кетейік, бес жасқа дейінгі балалар арасында өлім-жітімнің көбісі үйдегі жазатайым оқиғалардан болып жатады, ал жастар арасында – жол-көлік апаты. Ал ересектер арасында созылмалы сырқаттан, күйзелістен ерте көз жұматындар қарасы көп. Сауд Арабиясында орташа өмір ұзақтығы 75,6 жасты құрайды, соның ішінде, ер-азаматтардың арасында бұл көрсеткіш 2,5 жасқа төмен.

0 пікір
Мұрағат