Дыбыстан жылдам жаңа жолаушылар ұшағы ерекше рекорд орнатты (видео)
Дыбыстан жылдам жаңа жолаушылар ұшағы ерекше рекорд орнатты (видео)
7 күн бұрын 767 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық Boom Technology компаниясы болашақта Overture жолаушылар авиалайнерінің прототипі ретінде әрекет ететін өзінің XB-1 дыбыстан жылдам ұшағының сегізінші сынағын сәтті өткізді. Сынақ барысында XB-1 7632 метрге - рекордтық биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 1012 шақырым жылдамдықпен ұшты. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, Лондоннан Нью-Йоркке ұшу уақыты орта есеппен 8 сағатқа жуық. Ал Boom Technology компаниясы жасап шығарған жаңа Overture дыбыстан жылдам ұшағы бұл уақытты 3,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ұшақ сағатына 2100 жылдамдыққа дейін арттыруы мүмкін - бұл көрсеткіш дыбыс жылдамдығынан екі есе дерлік (сағатына 1234 шақырым) жоғары. XB-1 жолаушылар ұшағының соңғы ұшу сынағы кезінде инженерлер ұшақтың тұрақтылықты бақылау жүйесін пайдаланбай ұшуға қабілетті екенін растады. Тәжірибе барысында ұшқыштың әуе кемесін қолмен басқаруға, оның ішінде дыбыстық жылдамдықпен маневр жасауға қабілетті екенін дәлелдеді. Таяудағы XB-1 сынағы тағы бір маңызды жетістікті көрсетті: әуе кемесінің конструкциясы деструктивті тербелістерге ұшырамай, дыбыстық жылдамдықпен ауа ағыстарына сәтті төтеп берген.

 

0 пікір
Мұрағат