Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
44 минут бұрын 89 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ибупрофен мен парацетамол (ацетаминофен) әлемнің барлық елінде дерлік кез келген дәріханада рецептісіз, яғни, еркін сатылады. Дене қызуын түсіретін әрі ауырсынуды басатын танымал дәрілердің осы күнгі денсаулық сақтау саласындағы еңсерілуі қиын дағдарысты одан ары тереңдетіп отырғанын көп алам біле бермейді – аталған дәрілік заттар бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы npj Antimicrobials and Resistance мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибелерді Оңтүстік Австралия университетінің және Аделаид жоғарғы оқу орнының ғалымдары жүргізген. Дәрігерлер ішек таяқшасына (Escherichia coli) ципрофлоксацин антибиотигінің және антибактериалды дәрілерге жатпайтын басқа да бірқатар дәрілердің, оның ішінде ибупрофен мен парацетамолдың бірлескен әсерін бағалады. E.coli қоздырғыштарының көпшілігі зиянсыз және адам ішегінің қалыпты микрофлорасында бар, алайда, кейбіреулері адам организімін улап, ішек және зәр шығару жолдарының инфекцияларын тудыруы мүмкін. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар басқа дәрілермен араласқан ибупрофен мен парацетамолдың бактериялық мутациялардың санын едәуір арттырғанын анықтады, ал бұл жайт E. coli бактериясының антибиотикке төзімділігін қалыптастырған. "Ципрофлоксациннің ибупрофенмен және парацетамолмен бір мезгілде қолдану әсерінен микроорганизмдердің тез өсіп-өнуіне ықпал еткен және тек ципрофлоксацинге ғана емес, сондай-ақ, түрлі кластағы басқа да ұқсас дәрілермен бірге адамға берілген жағдайда қауіпті бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыруға көмектесті", - деп мәлімдеді зерттеушілер. Сондай-ақ, дәрігерлер осы төзімділіктің негізінде генетикалық тетіктерді ашты. Ибупрофен мен парацетамол антибиотиктерге қарсы бактериялардың қорғаныс қабілетін арттырып, антибиотиктердің тиімділігін төмендетті. Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз:  әлемде жыл сайын дәріге төзімді бактериялардан шамамен бес миллион адам қайтыс болады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 миллионға дейін өсуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат