Cарапшылар телехабарлардың жоғалатынын алға тартып отыр
Cарапшылар телехабарлардың жоғалатынын алға тартып отыр
2 жыл бұрын 2206 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Телеидадар аудиториясы азайып барады. Жас ұрпақ интераквтивті ортада белсенді ойыншыға айналған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде француздардың цифрлы трнасформацияға мамандандырылған Sysk фирмасының құрылтайшысы Фредерик Кавацца есімді сарапшысына жөн сілтеген Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Француз сарапшысының айтуынша, теледидар аудиториясын егде жастағылар құрап отыр, ал орта жастағылар мен жастар Netflix и Disney+ секілді стримингтік сервиске жүгінеді. Дәлірегі, соңғы он жыл бедерінде теледидар қарайтын 35 жастан төмен тұлғалардың қарасы екі есеге кеміген. Бұл тенденция метаәлемнің немесе метаверстің дамуына байланысты жалғаса беретін болады. Осы орайда метаәлем туралы аз-кем дерек бере кеткіміз келеді: виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып, адамдар өздерінің аватарлары арқылы бір-бірімен және цифрлық нысандармен әрекеттесе алатын тұрақты виртуалды кеңістік. Теледидар метаәлеммен және ойын платформаларымен (мәселен,  Roblox, Fornite және Minecraft секілді платформалар) бәсекелестікте төтеп бергісі келсе, бейімделу процесін бастауы тиіс. Dubit деп аталаты зерттеу компаниясы келтірген дерекке қарағанда, бір ғана АҚШ-тың өзінде 9-12 жас аралығындағы балалардың жартысы аптасына кем дегенде Roblox метаверсін пайдаланады. Аталған виртуалды кеңістік аудиториясы ауқымды. Мәселен, 2020 жылы 33 млн адам Roblox-тан Lil Nas X рэперінің өнерін тамашалаған екен, бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәуір айының бас кезінде өткен «Грэмми» сыйлығын теледидардан көргендердің қарасынан үш есе көп. Dubit компаиясының құрылтайшысы Мэтиу Уорнефордтың айтуынша, телекомпаниялардың метаәлеммен бәсекелестікте төтеп беруіне, яғни, заман талабы мен уақыт тынысына бейімделуіне әлі кеш емес. Бұл тарапта теледидар арқылы хабар таратушылар дәстүрлі телебағдарламалар үшін қысқаратын нарықты қолдауды жалғастыра ма, әлде жобаларын метаверске көшіре ме, соны шешуі керек. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, телекомпаниялар газет пен журнал секілді баспа өнімдері мен мерзімді басылымдарға қарағанда жарнамадан түскен табысына байлаысты «технологиялық сәтсізіктерден» көп зардап шеге қоймаған еді. Алайда, теледидарға да тықыр таянғанын алға тартып отыр сарапшылар. Өйткені, брендтер өз өнімін метаәлем арқылы тікелей жарнамалауға көше бастады. Мәселен, люкстік брендтер Roblox, Fortnite және өзге де платформаларда миллондаған доллар табыс тапқан.

0 пікір
Мұрағат