Бұлттың жерді салқындату қабілеті төмендеп барады
Бұлттың жерді салқындату қабілеті төмендеп барады
35 минут бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұлт тек табиғат көркі ғана емес, сонымен қатар, ауа райын қалыптастыруда маңызды рөл ойнайтын түзілім. Жердің қызып кетпеуіне қосатын үлесі зор. Бұл жайында islam.kz порталы Geophysical Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, соңғы жылдары осынау табиғи қалқан өз қызметін орындаудан қалып барады. Жарты ғасырға жуық жасанды жер серігінің бақылау деректерін талдаған халықаралық ғалымдар тобы осындай қорытындыға келіп отыр. Ғалымдар төменгі бұлттардың, әсіресе, тропикалық мұхиттардың үстіндегі бірнеше қабатты үйді көз алдыңа әкелетін үйме бұлттардың күн сәулесінің бір бөлігін қайтадан ғарышқа жіберіп, Жерді салқындататынын бұрыннан біледі. Ондаған жылдар ішінде бұлттыңң түзілу процесін қалай өзгергенін қадағалау оңай болмады: спутниктер бір-бірін алмастырды, өлшеу әдістері жетілдірілді, ал деректерді өңдеу алгоритмдері өзгеше болды. Сол себепті климаттық үлгілер белгісіз болып қалды. Таяудағы зерттеу авторлары бұл қиындықты 13 жерсерік пен атмосфералық реанализ мәліметтерін біріктіре отырып шешті. Олар 1979 жылдан 2025 жылға дейін төмен түзілетін, яғни, жерге жақын бұлттардың өзгерісін ұдайы көрінісін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін бірыңғай салыстыру жүйесін құрды. Нәтижесінде соңғы 47 жылда тропиктегі төмен бұлттар түзілетін аудан көлемі көптеген моделдер болжағандай қысқармаған, керісінше он жылда шамамен 0,18% -ға ұлғайғаны анықталды. Күн сәулесінің ең тиімді табиғи шағылыстыратын жерге жақын бұлттардың қалыптасу процесі қарқын алған. Бұл процесс жер бетіндегі орташа жаһандық температураның шамамен бір кельвинге көтерілуімен бір мезгілде орын алды. Зерттеушілердің есебі бойынша мұндай құбылыс Целсия градусының әр шаршы метріне шамамен -0,79 ватт шамасында кері климаттық кері байланысты қамтамасыз етті. Басқаша айтқанда, бұлттар осы кезеңде жер бетінің орташа температурасы шамамен бір градусқа көтерілгеніне қарамастан жылынуды айтарлықтай баяулатқан. Осыдан кейін ғалымдарды алаңдатқан құбылыс байқалған: нақты бақылау нәтижелерін CMIP6 климаттық үлгілерімен салыстырғанда, төмендегідей кереғарлықты анықталды: бұлттардың тарихи мінез-құлқын мейлінше көрнекі сипаттайтын моделдер болашақта бұлттың салқындату әсерінің кемитінін болжайды. Ғаламшардың одан әрі қызуына және атмосфера айналымының өзгеруіне қарай шағылыстырушы бұлттар азаяды, ал климат дағдарысы парниктік газдар концентрациясының артуынан одан ары тереңдейді. Зерттеушілер мұны Тынық мұхитындағы температуралық ахуалдығ өзгерісімен түсіндіреді. Осы уақытқа дейін жылы және суық аймақтардың өзара әрекеті шағылыстыратын бұлттардың қалыптасуына ықпал етті. Алайда, жаһандық жылыну бұл механизмді бұзып, жерді температураның өсуін тежеудің табиғи тетіктерінің бірінен айыруы мүмкін.

Ұқсас материал:

"Аспан жерге құлап келеді"

0 пікір
Мұрағат