Бір түймені басумен ұшаққа айналатын көлік құрастырылды (видео)
Бір түймені басумен ұшаққа айналатын көлік құрастырылды (видео)
12 ай бұрын 798 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Aska A5 электрмен ұшатын көлігін ұшыруға Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) және Автокөлік департаменті (DMV) тарапынан рұқсат берілді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Aska A5 - аса қуатты электрмен қозғалатын трансформатор көлік. Оның ұшу қашықтығы - 400 шақырым, сағатына 240 шақырым жылдамдықпен ұшады ие. Бұл төрт доңғалақты көліктің ерекшелігі - бір түймені басу арқылы алты қозғалтқышты ұшаққа айналады. Aska A5 789 000 доллар тұрады. Көліктің әуеге көтерілуі үшін өте қысқа ұшу-қону жолағы ғана қажет. Сонымен қатар, автокөліктің жол жүруі үшін DMV-ның рұқсаты бар. Осы уақытқа дейін модел «Силикон алқабында DMV нөміімен 480 шақырымнан астам жол сынақтарын сәтті аяқтады». Қазір компания өкілдері Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасында (ҰТҚА) трансформаторды сертификаттауды өткізумен айналысуда. Ал сынақтар сәтті аяқталғаннан кейін коммерциялық мақсатта сату үшін FAA сертификатын алуға болады. Қазірдің өзінде 60-тан аса тапсырыс түскен. 2026 жылы барлық сертификатқа ие болса, коммерциялық өндіріске жіберіледі.

0 пікір
Мұрағат