Бір аяқты квадрокоптер өзінен он есе ауыр жүкпен секіре алады (видео)
Бір аяқты квадрокоптер өзінен он есе ауыр жүкпен секіре алады (видео)
39 минут бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Инженерлер өз денесінің салмағынан он есе жоғары жүкті алып жүре алатын, секіре алатын робот құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы nplus1 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол серіппелі элементті қамтитын, төменнен бекітілген телескоптық аяғы бар квадрокоптер түрінде құрастырылған, оның үстіне, қозғалтқыштардың роботты жерге қарай бағыттап, жылдамдығын асыратын реверс режимі бар. Мұндай режим серіппелі элементте көп энергия сақтауға мүмкіндік береді. Осының арқасында 220 грамдық робот салмағы екі келіге дейінгі жүкті көтере алады: мысалы, автономды қозғалыс пен жерді картаға түсіруге арналған сенсорлар жиынтығы мен борттық компьютер секілді жүктерді өзімен бірге алып жүре алады. Препринтті Гонконг қалалық университетінің робототехника зертханасының сайтынан көре аласыз. Мультикоптерлер жоғары жылдамдыққа және маневрлікке ие, алайда, ұшу уақыты аз және жүк көтеру мүмкіндігі төмен. Адымдаушы роботтар, керісінше, едәуір жүкті көтере алады және ойлы-қырлы жерде еркін қозғалады, алайда, оның жылдамдығы салыстырмалы түрде баяу және биік кедергілерді еңсеруге қабілетсіз. Мұндай шектеулер инженерлерді қозғалыстың екі түрінің күшті жақтарын біріктіретін гибридті конструкцияларды жобалауға итермелеген. Осындай роботтардың бірін Гонконг қалалық университетінен Пакпонг Чирараттанон (Pakpong Chirarattananon) бастаған инженерлер жобалады. 2024 жылы олар салмағы 35 грамм тартатын бір аяқты Hopcopter секіргіш конструкциясын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл шағын квадрокоптер, оның астында серіппесі бар пассивті тірек бекітілген. Hopcopter тұрақты секіре алатын және жоғары жылдамдықты арттыра алатын мүмкіндікке ие болғанымен, оның шағын өлшемдері мен серіппені қысу кезіндегі энергия шығындары оған тек 8 грамм жүкті ғана көтеруге мүмкіндік берді. Осы олқылықты еңсеру үшін ғалымдар тобы ауыр жүкті тасымалдай алатыні секіруші роботтың конструкциясын пысықтап, масштабтауды қолға алып жатыр. Инженерлер бұл тарапта Hopcopter құрылымын негізге алды: бұл арада резеңке амортизаторлары бар пассивті телескопиялық аяғы бекітілген квадрокоптерді меңзеп отыр. Жаңа роботтың салмағы 220 грамм тартады. Басты жаңалық - жоғары және төмен тартылыс тудыратын реверс режиміндегі моторлар мен пропеллерлер орнатылды. Роботтың жерге қарай қозғалысы кезінде төмен бағытталған тарту режимі секіру динамикасын түбегейлі өзгертеді. Егер Hopcopter берілген биіктікке көтерілу арқылы ғана энергияны басқара алса, онда жаңа робот жерге қону алдында өзін қосымша күшпен төменге жылдамдық алуына көмектесетін режимге ие. Бұл келесі секіру үшін көп энергия сақтауға мүмкіндік береді. Роботтың секіру функциясын дәл басқару үшін инженерлер жаңа динамикалық модел жасады. Оның алдыңғы моделден айырмашылығы - роботтың салмағын және жерге жанасу кезіндегі пайдалы жүктемені ескереді. Ол борттық компьютер үшін тым күрделі болып шықты, сондықтан оның орнына нақты уақытта роботтың қандай бұрышпен және қандай бағдармен қонуы керектігін есептейтін нейронды желі қолданылды.

0 пікір
Мұрағат