Баяу қартаятын ұлт белгілі болды
Баяу қартаятын ұлт белгілі болды
10 ай бұрын 805 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кәріліктің белгісі туралы айтылғанда ғалымдар жас ұлғая келе жабысатын кеселдерді (жүрек-қан тамыр жүйесінің 13 ауруы, Паркинсон дерті, есту қабілетінің бұзылуы, катаракта, Альцгеймер ауруы және құлаудан болатын жарақаттар) алдымен еске алады. Күллі әлем бойынша ең баяу қартаятын ұлтқа бүгінде қартаю процесі шапшаң жүріп жатқан жапон халқын жатқызыпты. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапондардың бойынан білінетін кәріліктің белгілері орташа есеппен 76 жасында пайда болады. Жапондардан кейін Швейцария, Франция, Сингапур және Кувейт тұрғындары баяу қартаяды. Ғалымдар физиологиялық қартаюды көрсететін, егде жастағылардың бойынан көрініс беретін аурулардың белгілері орта есеппен 75 жастан кейін пайда бола бастайтынын анықтады. Ал ерте қартаятын халықтарға келсек, Папуа-Жаңа Гвинея – 45 жас; Маршалл аралдарының тұрғындары; Ауған халқы; Сүлеймен аралдарының тұрғындары және Вануату халқы – 50 жас. Сөз орайы келгенде  күллі әлем бойынша 1990-шы жылдардан бастап жас ұлғая келе жабысатын аурулардан болатын өлім-жітім азайғанын айта кету керек. Бүгінгі таңда адамзаттың шапшаң қартаюының орташа деңгейі – 65 жас.

0 пікір
Мұрағат