Аяқ-қолынан айырылған жандарға жанасу сезімін беретін протез жасалды
Аяқ-қолынан айырылған жандарға жанасу сезімін беретін протез жасалды
11 ай бұрын 1129 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аяқ-қолынан айырылған пацменттерге немесе ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған өзгеше протез жасалды.  Бұл жайында islam.kz порталы Brain Stimulation мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сколково ғылым және технология институтының (Сколтех), Қиыр Шығыс федералды университетінің және Моторикидің зерттеушілері фантомдық ауырсыну мен сезім протездерімен күресу бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ғалымдар ампутанттарға (аяқ-қолынан айырылған мүмкіндігі шектеулі жандарға) протездік аяқ-қолдардан сенсорлық кері байланыс алуға мүмкіндік беру үшін электрлік ынталандыруды, яғни, электрмен ынталандыру әдісін пайдаланады. Зерттеушілер бұл тарапта фантомдық ауырсынуды басу және протезден сенсорлық кері байланысты беру үшін иық аймағына енгізілген электродпен перифериялық нервтердің жергілікті стимуляциясын қолданды. Заманауи коммерциялық протездерде сенсорлық кері байланыс жоқ, ал фантомдық ауырсынуды басу ең тиімді деген жағдайдың өзінде жұлынды ынталандыру арқылы жүзеге асырылады, оның бірқатар кемшіліктері бар, дейді зерттеу авторлары. Перифериялық жүйкеге электродты имплантациялау өз кезегінде табиғи орын ауыстыру мәселесін шешеді. Осыған байланысты уақыт өте келе ынталандыру дененің діттелген жеріне емес, басқа бөліктеріне бағытталып кетеді. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысушылардың бірі иық аймағындағы медиандық нервке имплантацияланған электродтан ынталандыруды алған жағдайда 78% жағдайда протезді пайдаланып, түрлі өлшемдегі цилиндрлік нысандарды сәтті ажыратқан. Қоздырудың қарқындылығы протез саусақтарының қысылу дәрежесіне байланысты болды. Сонымен қатар, ынталандырудың өзі субъективті түрде фантомды қолды жұдырықпен қысу сияқты сезілетіндей етіп таңдалды.

Протезі бар адамдарға жанасу кезінде жылуды сезінуге мүмкіндік беретін құрылғы жасалды

Швейцариядағы Лозанна федералды политехникалық мектебінің (EPF) ғалымдары ампутацияланған, яғни, аяқ-қолынан айырылған ерекше қажеттілігі бар жандарға жылу сезімін қайтаруға мүмкіндік беретін бионикалық технологияны ойлап тапты. Инвазивті емес құрылғы термиялық кері байланысты және протезге қосылу (байланыс) сезімін қамтамасыз етеді. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құрылғы протез саусаққа киюге келетін жұқа сенсорды қамтиды. Мұндай сенсор жасанды саусақтың қандай да бір затпен жанасқанда жылулық туралы ақпаратты анықтай алады: металдың салқындығын немесе адаммен жанасқан кездегі оның денесінің жылылығын сезуге мүмкіндік бермек. Төбесінде – ампутацияланған мүшенің қалдығында, яғни, тұқылында термоэлектродтар орналастырылады, олар сенсордан ақпаратты қабылдайды және жүйке ұштарына сигнал жібереді. Сау қолдың білегіне ыстық немесе суық нәрсе қойсаңыз, адам заттың температурасын денеңіз жанасқан жерде сезінеді, ал ампутацияда бұл температура сезімі жоқ қолдың фантомында қабылданады.

Создано устройство, которое позволяет людям с протезами чувствовать теплоту  прикосновения

0 пікір
Мұрағат