|
Әуе шарымен саяхат жасаудан рекорд орнатылды (видео)
|
Ресейлік жиһангез Федор Конюхов әуе шарымен саяхат жасау жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд орнатты. Ол жер шарын небәрі 11 күн 5 сағат 31 минутта айналып өткен. Австралияның Нортхэм қаласынан бет алған 60 жастағы азамат 35 мың шақырымды еңсеріп, дәл осы қалаға кеп тоқтаған. Жерде оны достары мен ұлдары күтіп алды. Айта кеткен жөн, бұған дейін әуе шарымен саяхаттау жылдамдығы бойынша рекордты америкалық Стив Фоссет орнатқан болатын. Ол жер шарын 13 күн ішінде айналып өтіпті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді