Әлем бойынша шайды ең көп ішетін ел белгілі болды
Әлем бойынша шайды ең көп ішетін ел белгілі болды
8 жыл бұрын 5504

"Euromonitor International" жүргізген зерттеулерге сәйкес әлемдегі ең көп шай ішетін ел Өзбекстан екені белгілі болды. Бұл туралы "egemen.kz" газеті хабарлады. Өзбекстан тұрғындарының басым бөлігі шай ішкенді қалайды екен. Зерттеу бұл ел тұрғындарының 99,6 пайызының шайсыз жүре алмайтынын көрсетті. Ал Гватемала тұрғындарының 99,6 пайызы керісінше кофені қалайтын болып шықты, деп жазады "The Independent газеті". Әлемдік зерттеу ұйымы мұны жер жүзінде «Сіз шайды қалайсыз ба, кофені жөн санайсыз ба?» деген сауалнама жүргізу арқылы анықтаған. Айталық, шай ішкіштердің тізімін Өзбекстан бастаса, одан кейінгі орында - Кения (99,2%), Әзербайжан (99,1%), Пәкістан (99%), Қытай (98,9%) және Мысыр (98,5%) елдері. Ал кофе ішкіштердің көшінде Гватемаладан кейін Доминикан Республикасы (99%), Бразилия, Эквадор (97,4%), Грекия (96,8%) тұр. Қазақстан бұл екі тізімде жоқ. Бізге қарағанда, Ұлыбритания мен Ресейдегі көрсеткіш  жоғары. Бұлардың алдыңғысында шайқұмарлар 78,4% болса, келесісінде 77,5%.

0 пікір
Мұрағат