Асфальттың жарықшақ түскен жерін қалпына келтіретін жабын әзірленді
|

Ғалымдардың халықаралық тобы жол-көлік апатының алдын алуға көмектесетін әрі жол төсеу секілді шығыны шаш-етек мащақаттан ұзақ уақытқа құтқаратынн инновациялық жабын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, бұл арада адамның көмегінсіз жолдағы ой-шұңқырды қалпына келтіретін технология, дәлірегі, жолға жарықшақ түсуіне жол бермейтін жол жабыны турасында сөз болып отыр. Әдетте, жолдағы шұңқырлар кішігірім жарықтардан пайда болады: көлік доңғалақтары мен салмағының әсерінен немесе жаншылудан жолда жарықшақ пайда болады. Жарықшаққа су еніп, суықта мұз болып қатады, содан соң күн жылынғанда ериді. Осыдан барып, битум, яғни, асфальт құрамындағы жабысқақ қара зат шытынайды. Ғалымдар битумға май сіңген өсімдік спораларын (жасушаларын) қосты. Жаңа құрам әдеттегі битумды өздігінен қалпына келтірді: өтіп бара жатқан көліктің салмағынан жабын жаншылса, ол жақындағы жарықшақтарға май бөлетін спораларды қысыммен шығарады. Май битумды жұмсартады және ол асфальттың шытынаған жерлерін бітейді. Зерттеушілердің пікірінше, бірнеше жылдан кейін «ақылды» материалдар британдық жолдарда сынақтан өтеді




