"Ақырзаман қаруы" әлемнің үрейін қашыруда
"Ақырзаман қаруы" әлемнің үрейін қашыруда
6 жыл бұрын 8401 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейдің адамсыз басқарылатын, яғни, өздігінен оталып, өздігінен қозғалатын термоядролық зарядпен жабдықталған суасты қаруы жағалаудағы қалаларды тып-типыл етіп, цунами тудыра алады әрі мыңдаған гектарға дейінгі аумақты тіршілікке жарамсыз етіп тастайды. Бұл жайында Business Insider ақпарат көзі хабар таратты. Бұл арада осы жылдың гаурыз айының 1-і күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин федералды жолдауында атын атамай айтып кеткен «Статус-6» кешені турасында сөз болып отыр. Роботталған шағын суасты қайығы немесе алып торпеда шақырым тереңдікте сағатына 100 жылдамдықпен қозғала алады. Мұндай тереңдіктен қазіргі техника және технологияның көмегімен қарудың бұл түрін байқау мүмкін емес. РФ президенті федералды жолдауында атап өткендей, өзге құрлыққа жете алатын қару америкалық жағалауда алапат апат тудыра алады. Ядролық қаруды зерттеуші физик Рекс Ричардсонның айтуынша, жағалау маңындағы суда жарылса, 50 мегатондық қуаты бар зарядтан биіктігі 100 метрге дейін жететін алып толқынды цунами көтерілмек. Атмосфераға көтерілген ондаған тонна теңіз суынан жағалауды радиоактивті жауын шаятын болады. 

0 пікір
Мұрағат