Келесі жылдан бастап, Америкаға бет алған Қазақстан азаматтарына 10 жылға дейін виза алуларына рұқсат етіледі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
|
АҚШ-қа 10 жылға дейін виза алуға болады
|
Визаны туристік, дипломатиялық және бизнес мақсатта рәсімдеуге мүмкіндік бар. Ал елімізге келген шетел азаматтары 5 күн ішінде арнайы органдарға барып міндетті түрде тіркелуі тиіс. Қазақ елі әлемнің 60-тан аса мемлекеттіне есігін айқара ашып, шетелдік азаматтарға отыз күнге дейін виза рәсімдемей-ақ ел аумағына кіруге жағдай жасады.
«Жыл соңына қарай біз АҚШ-пен келіссөздерді аяқтадық. Бұрын 5 жыл болған мерзімді 10 жылға ұзарттық. Бұл екі ел азаматтарына өте ыңғайлы болады», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Араб елінде денсаулыққа қауіпті улы заттар кездесетін смоланы тағамға арналған қыш ыдыстарды пайдалануға тыйым салынды
■
Қытайдың су тұшшыландыру технологиясы тиімділігі жағынан қолданыстағы қондырғыларды он орап алады
■
Азия елінде өткен жылы 17 мыңнан аса алжу ауруынан зардап шегетін науқас жоғалды
■
Мысыр такафулды сақтандыру нарығын ынталандыратын жаңа нормативтік базаны қалыптастырады
■
ЕО тағам қаптамаларында бисфенолды пайдалануға тыйым салады