|
"Ақ қарғалар": Альбинос адамдар не үшін қоғамның қаһарына ұшыраған (видео)
|
"Ақ қарға" атанып кеткен альбинос адамдар өзінің ерекше келбетіне бола қоғамның қаһарына ұшырап келген деп хабарлайды NUR.KZ порталы moya-planeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Орта ғасырларда адамдар альбиностарды шайтанның көмекшісі деп санап, оларды тірідей өртеген. Ал бүгінде Танзанияда оларды әлі күнге дейін өлтіріп, мәйітін қара базарда сатып жатады. Себебі, жергілікті балгерлер альбиностардың денесін емдік қасиетке ие деп санайды.
Альбинос-жануарлар да табиғатта көп өмір сүре алмайды, себебі оларды жыртқыштар тез анықтап қояды.
Альбинизм - тумасынан меланин пигментінің жоқтығынан шаштан бастап, дене мүшелерінің түссіздену сырқаты. Мұндай шипасы жоқ дертке шалдыққандар күн сәулесінде ұзақ жүрсе, денсаулықтарына орасан зақым келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
■
Тағы бір ел адам тәрізді роботтарды қарулы күштер сапына қабылдайды
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Ислами инвестиция биржаға шығады: Қырғызстан жаңа сектор ашуға дайындалып жатыр