Америкалық Mojave ұшқышсыз ұшу аппараты алғаш рет жылдам ату пулеметімен нысанаға дөп тигізді (видео)
Америкалық Mojave ұшқышсыз ұшу аппараты алғаш рет жылдам ату пулеметімен нысанаға дөп тигізді (видео)
17 күн бұрын 716 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкаkық Mojave қысқа ұшып-қонатын ұшқышсыз ұшағы сынақ кезінде алғаш рет M134 Minigun жылдам ату пулеметімен нысанаға дәл соққы берді. Бұл жайында islam.kz порталы The War Zone ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. General Atomics құрастырған дрон пулеметпен жабдықталған екі Dillon Aero DAP-6 контейнерінің көмегімен бірнеше жылжымайтын нысанаға соққы берді. General Atomics Aeronautical Systems (GA-ASI) жариялаған видеодан америкалық әскерилердің Аризонадағы Юма полигонындағы сынақ кезінде ұшқышсыз ұшу аппаратының 10 мыңға жуық оқ-дәріні атқылағаны көрсетілген. Mojave-мен жабдықталған M134D-H пулеметінің ату жылдамдығы минутына үш мың патронды құрайды. GA-ASI өкілі Марк Бринкли дронды пулеметпен жабдықтау үшін оның бағдарламалық және аппараттық құралдары жаңартылғанын атап өтті. Бұдан бөлек, ату кезіндегі діріл мен кері шегіну ұшуда қиындық тудырмаған. Болашақта компания ұшқышсыз бақылау стансасымен басқарылатын пулеметтері бар жүйе құруды жоспарлап отыр. Бұл мақсатты ату ауқымын, яғни, ату қашықтығын арттыратын болады.

 

0 пікір
Мұрағат