Әлемнің ең қарт тұрғындары: оның біреуі – қазақ (фото)
Әлемнің ең қарт тұрғындары: оның біреуі – қазақ (фото)
8 жыл бұрын 3104 muslim.kz tengrinews.kz astravolga.ru

Ресей Федерациясының Астрахан облысында тұратын Танзиля Бисембеева әлемнің ең қарт адамы болып танылды. Бұл туралы "Российская газета" басылымы хабарлады. 

2016 жылдың 14 наурызында кейуана 120 жасқа толды. Бұл Ресейдің Рекордтар кітабына еніпті. 

Танзиля Бисембеева Исламғазы ауылында кенже баласының үйінде тұрып жатыр. Үш баласы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі бар. Бисембееваның бірінші күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тауыпты, олардың баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Бұдан кейін ол екінші мәрте тұрмысқа шығып, 53, 54 және 57 жасында үш бала босаныпты. 

Елена Мелихова/РГ

Әйелдің 100 жасқа дейін дәрігердің көмегіне жүгініп көрмегені айтылады, бірақ ғасырға толғаннан кейін көзіне ота жасатыпты. Көшеге шықпайды екен, бірақ, үй ішінде өз қамын өзі жасай алатын жағдайда, тіпті, әлемдік жаңалықтарды да қарап отырады. Оның отбасы кейуананың осынша ұзақ жасауының құпиясы деп өмірге жарқын қарайтынын, табиғи өніммен тамақтанатынын және зиянды әдеттерден ада екендігін атап отыр. Туыстары зейнеткердің қарап отырмайтынын да айтады. 

2016 жылдың наурызында «Vista News» басылымы Бисембееваның зейнетақысының ең аз мөлшерде екенін жазыпты. Оның 46 жылдық еңбек өтілі бар, бірақ расталмаған - еңбекке қабілетті заманында кітапша түріндегі құжат енгізілмеген екен.

ГАЗА ТҰРҒЫНЫ ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҚАРТ АДАМЫ РЕТІНДЕ МОЙЫНДАЛДЫ 

Газа аймағында тұратын Режеп Тебам әлемдегі ең қарт адам ретінде мойындалып отыр. Бүгінде жасы 125-ке қараған қария Осман империясының, Британия мандатының, Египет және Израиль билігінің, Хамас-тың тұсындағы түрлі саясатқа куә болғанына айтады.

Әлемдегі ең қарт адам өзінің уақытын басым бөлігін ғибадатпен өткізетін көрінеді. Ара-тұра айналасында болып жатқан жаңалықтарға құлақ түріп, әлемдік оқиғаларға өзінше сараптама жасап отырады. Қазіргі уақытта араб әлемінде орын алып жатқан оқиғалар жаныма қатты батады дейді ол.+

Режеп Тебам өзінің ұзақ жасауының себебін дұрыс тамақтануда деп есептейді. Ол өзінің ұзақ ғұмырында зәйтүн майын, қоян еті мен көкеністерді көп пайдаланғанын айтады. Ал, сиыр етінің мөлшерін мейлінше азайтқан. 

Режеп Тебамның қазіргі уақытта немерелерінің өзі 370-ке жетіпті.

 Газа тұрғыны әлемнің ең қарт адамы ретінде мойындалды

0 пікір
Мұрағат