Әлемде перфекционистердің қарасы көбейіп келеді
Әлемде перфекционистердің қарасы көбейіп келеді
42 минут бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қандай да бір істе кемшілік немесе қателік жіберіп аламын ба, деген үрей әлеуметтік желі мен смартфон дәуірі келмей тұрып басталған. Дәлірегі, 1989 жылдан бері перфекционизм құбылысы етек алған. Бұл жайында islam.kz порталы Psy post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондон экономика мектебінің ғалымдары бұл тараптағы зерттеу барысында 83 мыңға тарта студенттің деректерін талай келей күтпеген нәтижеге тап болған. Бұл бағыттағы зерттеу 1989-2024 жылдар аралығында АҚШ, Канада және Ұлыбританияның іріктеліп алынған 307 студентін қамтыды. Жастар өзіне тым жоғары талап қоятындығымен ерекшеленген әрі мінсіздікке ұмтылғанда қандай да бір қателік жіберіп алса, өз-өзіне қол жұмсауға дейін баратыны анықталған. Психологтер бұл құбылыстың екі түрін бөле-жара көрсеткен. 1: Іштей мақсат қояды және мақсатын орынлауға ұмтылады. 2. Әлеуметтік жағы: айналасындағылар өзінен мінсіз нәтиже күтетіндей сезім болғандықтан кез келген ағаттығы немесе сәтсіздігі үшін айыптайтындай көреді. Бұл екі түрі де адам психикасына кері әсер етеді, екінші түрінің залалы тіптен ауыр - ойындағыдай нәтижеге қол жеткізе алмаған адам күйзеліске бой алдырып, созылмалы дертке шалдығу қатері жоғары болады. Бүгінгі таңда кез келген ағаттығын жеке басының кәсіби немесе тұлға ретінде дамымай қалғанының көрінісі деп қабылдауға бейім тұрады. Бұл құбылыстың сырын ғалымдар ықтимал себептерден көріп отыр: Экономикалық көрсеткіштер психологиялық өзгерістердің динамикасымен теңеседі. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім құлдыраған кезде студенттер өздерін іштей қажап, өздеріне жоғары талап қоя бастаған. Тұтастай алғанда, логика түсінікті: егер экономика кері кетсе, өмірдегі өз орны үшін бәсекелестік артады, соған байланысты адамдардың белсенділігі артып, мінсіз нәтижеге қол жеткізуді қалайды. Мүлiктiк теңсiздiктiң өсуi әлеуметтiк қорқынышпен байланысты. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық неғұрлым жоғары болған сайын мұндай құбылыс етек алады. 

0 пікір
Мұрағат