|
Әлем бойынша пойызға сұраныс азайып, ұшаққа сұраныс көбейіп келеді
|
Әуе көлігі жыл сайын танымал бола түсуде. Соңғы 13 жылда онымен тасымалданған жолаушылар саны 3,2 есеге өсті (2010 жылғы 3,4 млн-нан 2022 жылы 11 млн адамға дейін). Бұл жайында islam.kz порталы naryk.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Өсім қазір де жалғасуда: 2023 жылдың 2 айында шамамен 1,8 млн адам ұшса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 1,1 млн болған.
Ал пойызбен 2022 жылы 19,4 млн жолаушы жүрген. 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 34,6%, ал 2020 жылдан бері 71,1% өсті.
Бірақ 2014 жылдың рекорды (34,4 млн) әлі де бұзылған жоқ. Оның үстіне 2022 жылы теміржол көлігін пайдаланған жолаушылар саны 2010 жылмен бірдей болды (3,4 млн).
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзіне қол жұмсап өле алмай қалғандарды өлім жазасына кесетін болады
■
Корей косметикасы халал стандартына көшеді
■
Бай адамдардың 10%-ы планетаға жылына 3,7 трлн долларға зиян келтіреді – ғалымдар
■
Жасанды зердеге арқа сүйеген дәрігерлердің білікітілігі төмендеп барады
■
Араб елінде денсаулыққа қауіпті улы заттар кездесетін смоланы тағамға арналған қыш ыдыстарды пайдалануға тыйым салынды