Айрықша авокөлік прототипі жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
Айрықша авокөлік прототипі жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
2 жыл бұрын 1077 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзгеше автоклік түрін мамандар табаны күректей 15 жыл бойы құрастырған. Бұл жайында islam.kz порталы newatlas.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Aptera Motors автокөлік стартапы күн батареясымен жүретін үш доңалақты электромобил құрастырды. Өзгеше көлік түрін құрастыруға инженерлер аттай 15 жылын сарп еткен. Сан-Диего қаласында Aptera компаниясының Gamma үлгісі жұртшылық назарына ұсынылды. Aptera Motors инженерлерінің мақсаты екі орынды, үш дөңгелекті күн-электр көлігін құрастыруға саяды. Аталмыш көлік қуатталмай-ақ немесе бір қуатталса, тәулігіне 65 шшақырымға дейін жүріп өтеді. Болашақта прототип жетілдіріліп, Гамма электр желісіне қосылмай 1600 шақырым жол жүреді. Бұл тиімді трансмиссияның, аэродинамикалық дизайнның және жеңіл композициялық материалдарды пайдаланудың арқасында мүмкін болады. 2021 жылдың соңына қарай компания альфа-тестілеуді аяқтап, бета тестілеуге арналған үлгілерді әзірлеуге дайындала бастады. Осы жылдың наурыз айының соңында оларға нақты көлік жүргізу жағдайында сынақтан өтуге рұқсат етілді. Қазірдің өзінде тамыз айында Aptera болашақ күн энергиясымен жұмыс істейтін электр көлігінің интерьер дизайнын ұсынды. Модел айналдыру дөңгелегімен (руль), әртүрлі аспаптармен, көлік жүргізуге арналған орталық дисплеймен, мультимедиялық және навигациялық сандық камералармен жабдықталған. Олар артқы көрініс айнасын ауыстырады және дәстүрлі сыртқы бүйір айналарды толықтырады. Ол, сондай-ақ, алдыңғы құрылымға қарағанда  бас/аяғы/жамбас секілді дене бөліктерінің еркін қозғалысы үшін кеңірек кеңістігімен ерекшеленеді. Гамма прототипі - келесі жылдың басында Карлсбадтағы (Калифорния штаты) жаңа зауытта осынау автокөлікті жаппай шығару алдындағы соңғы кезең. Бүгінде Aptera 30 000-нан астам тапсырысты қабылдады және бірнеше компаниялармен серіктестік келісіміне қол қойды: Elaphe (электр қозғалтқыштары үшін); батареямен жабдықтайтын Eve Energy; Өнеркәсіптік өндіріс технологияларымен айналысатын RedViking және т.б

0 пікір
Мұрағат