|
Әйелдің сілекейінен оның жүктілігін анықтайтын тест әзірленді
|
Ұлыбританияда әйелдің сілекейі арқылы оның жүкті немесе жүкті емесін анықтауға мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы тест пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы ndtv.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тест ауыздан сілекей үлгісін алу арқылы жүргізіледі. Нәтижесі он минуттан соң белгілі болады. Сілекей үлгілерін қол аппликаторында жинап, талдамасын алу үшін блокқа салу керек. Ол β-hCG деңгейін өлшейді - әдеттегі сынақ жолағы сияқты. Әдетте гормонды жүктіліктің үшінші немесе төртінші аптасында анықтауға болады. Бұл бағытта жүргізілген SaliStick сынағына 300-ден аса әйел қатысты. Аталмыш әдістің дәлдігі - 95%.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды