Адамзаттың жартысынан көбісі бас ауруынан зардап шегеді
Адамзаттың жартысынан көбісі бас ауруынан зардап шегеді
2 жыл бұрын 1517 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда жүргізілген шолу нәтижесіне қарағанда, адамзаттың 52%-ы жыл сайын бас ауруынан зардап шегетін болып шықты. Соның ішінде 14%-ы бас сақинасынан азап шегеді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланан thejournalofheadacheandpain.biomedcentral.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Норвегтердің ғылым және технлогия университетінің ғалымдары бұл тарапта 1961-2020 ылдар аралығында жарияланған 357 деректі сараптамадан өткізген екен – бас ауруының қаншалықты кеңінен тарағанын анықтау үшін. Мәліметтердің дені 20-65 жас аралығындағы ересектерді қамтыған, сондай-ақ, бес жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан егде адамдар туралы мағлұматтарды ескерген. Ларс Джейкоб Стоунер бастаған ғалымдар тобы түрлі зерттеулерде қолданылған әдіс-тәсілдердің бір-бірінен несімен ерекшеленетініне да назар аударған екен. Бұл бағытта олар бас ауруының таралу ауқымымен және қарқынымен қаншалықты байланысты екенін де зерделеп көрген. Дәлірегі, тек соңғы жылдары кеңінен тараған бас ауры турасында ғана емес, сонымен қатар, өмір бойы бас ауруынан азап шегіп өткендер туралы да өз топшылауын жасауға талпынған. Ғалымдардың 357 деректі сараптай келе әлем тұрғындарының 52%-ы бір жылда кем дегенде бір рет басы ауыратынын, олардың 14%-ның бас сақинасынан, 26%-ы қатты бас ауруынан азап шегетінін, 4,6%-ның айына 15 немесе одан да көп күн бас ауруынан зардап көретінін анықтады. Бұдан бөлек, адамзаттың 15,8%-ның күн сайын бас ауруынан азап тартатынын да анықтады. Бір қызығы, ерлерге қарағанда әйелдер бас ауруынан көп зардап шегетіні және ерлерге қарағанда бас ауруынан азап шегетін әйелдер қарасы әлдеқайда көп екеніне көз жеткізген. Соның ішінде бас сақинасынан азап шегетін әйелдер қарасы - 17% болса, ерлер арасында бұл көрсеткіш 8,6%-ды құраған, сондай-ақ, айына 15 күн немесе одан да көп уақытқа созылатын жиі бас ауруларынан азап шегетін әйелдер қарасы - 6%, ерлерде - 2,9%.

0 пікір
Мұрағат