Адамның бет әлпеті дыбыс толқындары арқылы «оқу» әдісі камераға қарағанда жақсы жұмыс істейді
Адамның бет әлпеті дыбыс толқындары арқылы «оқу» әдісі камераға қарағанда жақсы жұмыс істейді
2 жыл бұрын 2324 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

EarIO деп аталатын құрал пайдаланушының бет әлпетін оқып, оны цифрлық аватарда қайта жасау үшін сонарды пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы news.cornell.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тағы Корнелл университетінің инженерлері құлаққаптан, микрофоннан және динамикадан тұратын, адам өзімен бірге алып жүре алатын жаңа құрылғы жасады. Оны кез келген гарнитураға қосуға болады. Әрбір динамик адамның бетіне қарай дыбыс импулстарын шығарады, олар адам құлағының диапазонынан тыс, сондықтан бөгде дыбыстар болмайды. Содан кейін микрофон жаңғырықтарды қабылдайды. Осыдан кейін экранда аватар пайда болады - алынған деректер негізінде пайдаланушының бет әлпеті бейнеленеді. Ғалымдар бұл тарапта EarIO жүйесін 16 адамға сынап көрген екен. Алгоритмды кәдімгі смартфонда қолданған. Құрылғы адамның бет әлпетін әдеттедегі камерадағы секілді сапалы етіп көрсетеді немесе шығарады. Желдің гуілі мен әңгіменің күбірі секілді шу мен дыбыс аталмыш жүйенің жұмысына кедергі келтірмеген. Ғалымдардың айтуынша, камерамен салыстырғанда локатордың бірнеше артықшылығы бар. Акустикалық мәліметтерді өңдеу үшін энергия аз кетеді, соған байланысты бұл құрылғы барынша шағын әрі жеңіл келеді. Сонымен қатар, камералар пайдаланушы бөліскісі келмейтін басқа да жеке деректердің мол мөлшерін тіркеей алады, сондықтан sonar пайдаланушыға қолайлы жеке құрылғы болып табылады.

0 пікір
Мұрағат