Адамға ең қауіпті 8 паразит
Адамға ең қауіпті 8 паразит
8 жыл бұрын 16187 Дана Қамшыбек

Иә, тазалық сақтамаған адамның азғасына түрлі паразиттер әуес келетіні белгілі. Нәтижесінде адам бірден болмаса да уақыт өте келе түрлі ауруға шалдығуы мүмкін. "Қызықты деректер" порталы адамға ең қауіпті 8 паразитті бөліп көрсетіпті. Олар мыналар:

1. Taenia solium (доңыз цепені)

Бұл паразиттің ұзындығы 10 метрге дейін жетеді. Аталмыш құрт ең ұзын қауіпті құрттар тізіміне кіреді. Паразиттер адам ағзасына доңыздың шала піскен етімен бірге енеді. Ішекке түскен паразиттер таралып, адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Мәселен, қояншық ауруы осындай паразиттердің кесірінен болған дерт.

2. Echinococcus granulosus, эхинококк цепені

Ұзындығы 3−7 мм болатын құрт эхинококкоз ауруын тудырады. Ол аңшылық иттердің, қойлардың, т.б. үй хайуандарының ағзасында тіршілік етеді. Тазалық сақтамаған адамға паразиттер үй хайуандары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл паразиттің ерекшелігі құрттар төменгі температурада да  өлмейді.

3. Echinococcus multilocularis

Бұл да эхинококктың бір түрі. Солтүстік Америка, Европаға кең тараған. Түлкі, кемірушілермен қатар ит, мысықтардың ағзасында тіршілік етеді. Бұл паразит адамға тағам арқылы жұқса альвеолярный эхинококкоз деген ауруға шалдығады. Нәтижесінде бауыры, миы және басқа да мүшелері зақымдалады. Тіпті бұл паразитті ағзасына қабылдаған жан өліп кетуі де мүмкін.  

4. Toxoplasma gondii

Бір клеткалы паразит. Жылы қанды хайуанның кез-келгенінде тіршілік ету қабілетіне ие. Әртүрлі елдерде бұл паразиттің жұғуы 10-нан 80%-ға дейін барады. Toxoplasma gondii әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті. Жүкті әйелдің ағзасына түссе, түсік тастауы мүмкін. Сондықтан жүкті әйелдерге үйдегі мысықтың қиын тазалауға болмайды.  

5. Cryptosporidium spp

Лас су арқылы немес дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер арқылы тарайды. Сондықтан жеміс-жидектерді жер алдында жақсылап жуған жөн.

6. Entamoeba histolytica - дизентериялық амеба

Ағзаға түскенде ішек құрылысын, бауыр жұмысын бұзатын паразит.

7. Trichinella spiralis

Трихинеллез деген өлімге әкеп соғатын жаман ауру тудыратын дөңгелек құрттардың түрі. Доңыз етінен немесе шұжық түрлерінен жұғуы мүмкін. Адамның көзі мен жүйке жүйесін қатты зақымдайды.

8. Opisthorchiidae

Жалпақ құрттың түрі. Оңтүстік Шығыс Азияға кең тараған. Шала қуырылған балық арқылы тарайды.

0 пікір
Мұрағат