93 күн су астында өмір сүрген ғалым он жылға жасарды (фото+видео)
93 күн су астында өмір сүрген ғалым он жылға жасарды (фото+видео)
11 ай бұрын 1503 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Су астында табаны күректей 93 күн өткізген Жозеф Дитури есімді америкалық ғалым өзінің денсаулығын айтарлықтай жақсартқан. Осы уақыт аралығында ол, сенесіз бе, он жылға жасарып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы mirror.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігерлер оның хромосоманың ұшына бектілген ДНҚ тізбегі – теломерін өлшеп көрген екен. Жас ұлғайған сайын теломер қысқара береді. Алайда, суға түсер кездегісінен бері америкалық ғалымның теломері 20%-ға ұзарып кеткен. Осы орайда Жозеф осы жылдың наурыз айында су астына түскені туралы ақпаратты күллі әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазғанын айта кетпекпіз. Бұл тараптағы тәжірибеде, бұған қоса, оның шырт ұйқысы 66%-ға жетіп, сондай-ақ, холестерин  деңгейі төмендеген, қабыну маркерлері азайған. Ғалымның бұл тәжірибесі емнің мүлдем тың тәсілін тауып берді десе де болады.

 

0 пікір
Мұрағат