2060 жылға дейін тұшшы су жоғалатын аймақтар белгілі болды
2060 жылға дейін тұшшы су жоғалатын аймақтар белгілі болды
2 жыл бұрын 1215 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Климатологтар таяу болашақта, дәлірегі, 2021 жылдан 2060 жылға дейін тұщы су қорының ортаятынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Climate Change мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азияның «су мұнарасы» ретінде белгілі Тибет үстірті ағыстың төменгі жағында тұратын 2 миллиардқа жуық адамды тұшшы сумен қамтамасыз етеді. Пенсилвания және Цинхуа университеттері, сондай-ақ, Остиндегі Техас жоғарғы оқу орнының ғалымдарының бұл тараптағы зерттеу нәтижесі климаттың өзгеруінен аталған аймақтағы тұшшы су қорының айтарлықтай азаятынын әрі оның орны толмайтынын көрсетіп берді. Осының салдарынан ХХІ ғасырдың орта шенінде Орта Азия өңірінде су тапшылығы қатты сезіледі. Бұдан бөлек, Кашмирде, Пәкістанда, сонымен қатар, Үндістанның солтүстігінде тұшшы су ресурсы таусылады. Маңыздылығына қарамастан Тибет үстіртіндегі тұшшы су көздері жеткілікті зерттелмеген болып шықты. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ғалымдар тобы мұздықтардағы, көлдердегі және жер асты көздеріндегі су массасының өлшемдерін зерттеді. Олар бұл бағыттағы деректерді нейрондық желілерге негізделген машиналық оқыту әдісімен саралап көрген екен. Нәтижесінде олар жалпы сумен қамтамасыз етудегі байқалған өзгерістерді негізгі климаттық айнымалылармен (құбылыстармен), соның ішінде ауа температурасы, жауын-шашын, ылғалдылық, бұлттылық және түсетін күн сәулелерімнің мөлшерімен байланыстырып, зерделеп көрді. Осы зерттеу негізінде жасалған моделді пайдаланған климатологтар алдағы қырық жылда - 2021 жылдан 2060 жылға дейін тұщы су қорының көп кемитінін болжай алған.

Тұшшы су қорының азаю көрсеткіші. Дерек көзі: Penn State, Tsinghua University

0 пікір
Мұрағат