2016 жылғы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингісі жарияланды
2016 жылғы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингісі жарияланды
8 жыл бұрын 3302 inform.kz Информинг.ру

Жылжымайтын мүлікпен айналысатын американдық Savills агенттігінің  қызметкерлері әлемнің ең қымбат қалалары рейтингісін жариялады.

Бұдан бұрын 2,5 жыл бойы көшбасшылықты Лондон бастаған болатын - ол өмір сүру үшін ең қымбат қала. Қазір Ұлыбритания астанасы үшінші орынға түсіп қалды.

Ал оның орнын Нью-Йорк басты. Онда тұру жылына 114 мың долларды құрайды. Жыл ішінде бұл цифр 2 пайызға артты.

Екінші орында - Гонконг. Бір адамға мұнда жылына 100 мың доллар қажет.

Үшінші орын жөнінде айттық - Лондон, «Brexit»-тен кейін онда шығындар 11 пайызға төмендеді.

Алғашқы бестікке сондай-ақ Токио мен Париж кіреді. Ал Ресей астанасы - Мәскеу осы жолы ең қымбат қалалардың ондығынан шығып қалды. Енді Мәскеу 15-ші орынға жайғасты. 

Рейтингіні құрастыруда тұру құны, кеңселерді жалдау және коммуналдық қызметтер ескерілді. Бұл есептер қаржы саласы мен шығармашыл мамандарға бағдарланған. Сондықтан да қарапайым тұрғындар үшін бұның қажеті шамалы деуге болады.

0 пікір
Мұрағат