19 жыл бұрын сатып алынған билетті пайдалану мүмкіндігіне ие болды
19 жыл бұрын сатып алынған билетті пайдалану мүмкіндігіне ие болды
6 жыл бұрын 2555 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина тұрғыны осыдан табаны күректей 19 жыл бұрын сатып алынған билетті пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Тарқатып айтқанда, ол Нашвилладан (Теннесси) Сакраментоға (Калифорния) кезінде ұшуға бір себептермен ұша алмай қалған еді. United Airways әуе компаниясының қызметкерлері арада осынша уақыт өткеніне қарамастан төсегінің астынан тауып алған ескі билетті ақшаға айналдырып берді. Бұл жайында The Sun ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш әуе компаниясының 1998 жылдың желтоқсан айының 31-і күні ұсынған ваучерде пайдаланылмаған билетті кез келген сәтте қолма-қол ақшаға айналдыруға болатыны жазылған. Алғашында компания қызметкерлері Джон Уолкердің өтінішіне не деп жауап қайтарарын білмей дағдарып қалған еді. Өйткені, аталған компания 2010 жылы банкрот болып, мойнындағы барлық міндет автоматты түрде жойылған болатын. Десе де компания өкілдері бұрынғы клиенттің өтінішін жерге тастаған жоқ. 19 жылғы бұрынғы билетті 378 долларлық ваучерге айырбастап берді. Джон Уолкер бұл билетті қашан және қалай пайдаланатынын әлі шешкен жоқ.

0 пікір
Мұрағат