11 жастағы мұсылман бала IQ бойынша Эйнштейн мен Хокингтен асып түсті
11 жастағы мұсылман бала IQ бойынша Эйнштейн мен Хокингтен асып түсті
18 күн бұрын 532 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: oumma.com

Oumma басылымы IQ деңгейі Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен жоғары болып шыққан 11 жасар британдық Жүсіп Шаһ туралы жазыпты. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерте жастағы студент, дәлірегі, мектеп оқушысы ата-анасымен және ағаларымен Йоркширде бірге тұрады. Талай жыл бойы оның туыстары мен ұстаздары баланың керемет алғырлығы мен зеректігі туралы айтып келеді. Алайда, оның интеллектісінің коэффициенті енді бағаланып отыр.  Тест нәтижесінде оның феномендік құбылысқа ие екені белгілі болып отыр. Мұсылман мектеп оқушысы Менса сынағына қатысып, 162 ұпай жинады. Салыстыру үшін алсақ, әлемге әйгілі әрі аты аңызға айналған Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтің IQ деңгейі 160 балдан аспаған еді. Mensa - IQ тесті әлемдегі ең танымал интеллект сынағы болып табылады. Mensa International компаниясын шамамен 145 000 тест тапсырушыны қамтиды. Теориялық тұрғыдан алғанда, Менса сынағынан Жердің жалпы халқының 2% -дан аспауы мүмкін. Жас вундеркиндтің анасының айтуынша, математикадан қолы бос кезде екі беделді оқу орнында - Кембриджде немесе Оксфордта оқуды армандайтын Жүсіп бар уақытын жұмбақ шешуге арнайды, әсіресе, судокумен және Рубик кубиктерімен айналысқанды жақсы көреді.

11-летий мусульманин обошел по уровню IQ Эйнштейна и Хокинга

0 пікір
Мұрағат