Зорлық-зомбылық көргендер тегін емделеді
Зорлық-зомбылық көргендер тегін емделеді
2 жыл бұрын 1114 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп, зардап шеккен жәбірленушіге тегін медициналық көмек көрсетіледі, дәлірегі, тегін тексеріліп, ақысыз емделеді. Мемлекет есебінен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Өзбекстан республикасының әділет министрлігінің баспасөз қызметіне жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жеңілдік осы жылдың желтоқсан айының 10-ы күні қолданысқа енген «Ауыр әлеуметтік жағдайда қалған әйелдер құқығынығ кепілдігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдаумен байланысты Өзбекстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңында қарастырылған. Аталған елдің «Әйелдерді қуғындау мен зорлық-зомбылықтан қорғау туралы» заңына енгізілген түзетуге сәйкес еңбек жөніндегі құзыретті орындар тұрмыстық кикілжіңге ұшыраған әйелдерге мамандығына сай жұмысқа тұруына жәрдем көрсетуі тиіс. Ал «Азаматтардың өзін-өзі басқару органы туралы» заңы махалла комитетіне қойылатын әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді анықтап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы талаппен толықты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2018 жылға дейін Өзбекстанның Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінде «тұрмыстық зорлық-зомбылық» термині болмаған. Соңғы үш жыл ішінде бұл тарапта сегіз нормативті-құқықтық акті, сондай-ақ, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге қатысты екі заң қабылданды. Махаллаға және отбасына қолдау көрсету жөніндегі министрлік жанынан 29 әйелдерді бейімдеу және оңалту орталығы құрылды.

0 пікір
Мұрағат