Қажылық қауіпсіздігі басшысы генерал-майор Сауд әл-Хилейви мен қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі директор генерал-лейтенант Усман әл-Мухридж жергілікті полиция бөлімшелері басшыларына автокөліктерді жіті қадағалау үшін арнайы нұсқаулық шығарды және Мекке мен басқа да қасиетті жерлерге тиісті құжаты жоқ адамдарды өткізбеу керектігін ескертті. Сауд билігі сонымен қатар қажылық сапарын ұсынатын жалған алаяқтық фирмаларға қарсы күрес мақсатында қосымша шара қабылдады.
Еске салсақ, өткен жылы Сауд Арабиясы құқыққорғау органы Меккеге қажылық жасауға рұқсат қағазы жоқ 160 000 қажыны корольдік шекарасынан шығарып жіберген.
Қажетті құжаттары жоқ қажыларға үлкен айыппұлдар салынып, түрме жазасы және депортация жасалынады.
Қажылық қауіпсіздігі басшысы Сауд әл-Хилейвидің айтуынша, Қағба территориясындағы жағдайды жіті бақылау үшін жоғары технологиялық жабдықтар орнатылған. Қауіпсіздік органы Мекке аумағымен қоса қаларалық көлік жолдарына мониторинг жүргізіп, қасиетті шаһарға заңсыз келушілердің алдын алмақ.
|
ЗАҢСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚҚА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
|
Сауд Арабиясы үкіметі ел шекарасынан заңсыз қажылық жасау үшін өтушілер мен қажылық маусымында корольдікке келуші көлік құралдарын бақылауды күшейтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Азия-Тынық мұхиты аймағының биоэнергетикасы 2035 жылға қарай әлемдік қуаттың 55% -ын қамтамасыз етеді
■
Әлемдегі ірілігі жағынан екінші орындағы жылдам дайындалатын кеспе нарығы мұсылман елінде
■
Христиандар отбасы құндылығына “ауыр” соққы берілгеніне алаңдап отыр
■
Бір еуропалық елдің өзінде мұсылмандар саны ширек ғасырда екі есеге өскен
■
Тағам ішіндегі жеуге жарамды микролазерлер тамақ өнеркәсібін түбегейлі өзгертуге қабілетті