Зағиптарға арналған көзілдірік пайда болды
|
![Зағиптарға арналған көзілдірік пайда болды](https://static.islam.kz/uploads/images/gwt/mPb/ZD7O7RxV5F6XZDkE-lg.jpg)
Мексиканың зерттеу және біліктілікті көтеру орталығының мамандары көзі көрмейтін зағиптарға арналған көзілдірік ойлап тапты. Аталмыш көзілдірік жанарыс жасық жандарға ультрадыбыстың, GPS технологиясының, стереоскоптикалық қабылдаудың және жасанды зерденің көмегімен төңіректі бағдарлауына, жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Бұл құрылғы келесі жылдан бастап, жаппай саудаға шығарылатын болады. Мұндай көзілдіріктің бағасы – 1500 долларға жуық. Көзілдірікте ақпаратты өңдейтін камера мен дыбыстап бағдар беретін құрылғы орнатылған. Тіпті, бұл көзілдірік әйнек, шыны секілді мөлдір заттарды көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұсақ заттар мен бұйымдарды, мәселен, тиын-тебенді, киімнің түсін ажыратуға көмектеседі. Ерекше көзілдіріктің батарея қуаты ұдайы қолданса төрт сағатқа дейін жетеді.
2015 жылы зағиптерге арналған көзілдірік жаппай шығарыла бастайды.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)