Ысырапшылдыққа жол бергені үшін миллиардер өлім жазасына кесілді
Ысырапшылдыққа жол бергені үшін миллиардер өлім жазасына кесілді
7 жыл бұрын 4062

Иранның жоғарғы соты мұнай магнаты, яғни, мұнайдан байыған алпауыт Бабак Занджаниді екі млрд еуроны ысырап еткені үшін айып деп тауып, өлім жазасына кесті. Осылайша, Иранның ең дәулетті адамдарының бірі асып өлтірілетін болды. Бұл жайында islam.kz сайты аталмыш үкімді ресми түрде естірткен жоғарғы сот өкілі Голан Хұсейн Мохсени-Ежейге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қазіргі уақытта олигарх Тегеран қаласындағы "Эвин" түрмесінде жатыр. Ол 2013 жылдың желтоқсан айының 30-ы күні тұтқындалған еді. IRNA ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, ол мемлекет қазынасынан алаяқтықпен ақша жымқырған. Бабак Занджани Біріккен Араб Әмірліктеріндегі аса ірі ирандық Sorinet Group компаниясы директорының меңгерушісі болған. Сондай-ақ, ол Qeshm Airlines әуе компаниясының және ирандық "Рах Ахан" футбол клубының қожайыны. 42 жастағы бизнесменнің дәулеті 14 млрд долларға тең. 

0 пікір
Мұрағат