Үшем немесе одан да көп егіздер дүниеге келген отбасыларға ірі мөлшерде арнайы жәрдемақы беріледі
Үшем немесе одан да көп егіздер дүниеге келген отбасыларға ірі мөлшерде арнайы жәрдемақы беріледі
4 жыл бұрын 4675 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қырғыз үкіметі үшем немесе одан да көп егіз балалары бар отбасыларға олардың әрқайсысы үшін 50 мың сом (716 доллар шамасында) жәрдемақы төлейді. Бұл жайында айыр қалпақты ағайын елдің үкімет аппаратының ақпараттық бөлімі хабарлады. Аталған жәрдемақыны беру ережесі 2019 жылдың желтоқсан айының 1-нен бастап, қолданысқа енеді. Елдің демографиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бұл шара балалы отбасыларды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдайды. Аталмыш жәрдемақы үшем немесе одан да көп егіздер дүниеге келген отбасыларға олардың әлеуметтік жағдайына қарамастан беріледі. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2019 жылдың қазан айындағы қорытындысы бойынша Қырғызстанның республикалық бюджетінен 11,6 млрд сом (166 млн доллар) шығын шықққан, бұл қаражаттың 843,8 млн сомы (12 млн доллары) әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге жұмсалған.

0 пікір
Мұрағат