Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
36 минут бұрын 24 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ислами қаржыны дамыту индикаторына (IFDI) сәйкес 140 елде исламдық қаржы индустриясының даму барысын немесе деңгейін бес негізгі бағыт бойынша бағалайтын жаһандық бағдар: қаржылық көрсеткіштер, басқару, тұрақты даму, хабардар болу және білім. Бұл жайында islam.kz порталы itfc.africa-newsroom.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық ислам қаржы индустриясы 2025 жылы 6,5 триллион АҚШ долларын құрайтын активтердің өсу траекториясын сақтап қалды, бұл көрсеткіш өткен жылғысымен салыстырғанда 9% -ға көп. Өсімді ислам банкингінің кеңеюімен, сукуктардың рекордтық шығарылымымен, ислам қорлары қызметінің тиімділігімен және жаңа нормативтік (құқықтық) қолдау табуымен  түсіндіруге болады. Жаһандық ислами қаржыландыру нарығында Малайзия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия және Пәкістан әлем бойынша көш бастаған позицияларын сақтап қалды. Түркия, Танзания, Кения, Бенин, Әзірбайжан және Өзбекстанның ислами қаржы инустриясының даму қарқыны жоғарылап келеді. LSEG исламдық қаржы бөлімінің басшысы Мұстафа Әділ исламдық қаржыландырудың жаһандық активтері 2030 жылға таман 10,5 триллион АҚШ долларынан асатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат