UNICEF: әлемнің ең бай елдеріндегі әрбір 5-ші бала кедейлік шегінен төмен өмір сүреді
UNICEF: әлемнің ең бай елдеріндегі әрбір 5-ші бала кедейлік шегінен төмен өмір сүреді
8 ай бұрын 760 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (UNICEF) баяндамасында келтірілген дерекке сәйкес бүгінде әлемдегі экономикасы өзге елдермен салыстырғанда көп ілгері дамыған 40 елден 69 млн-нан аса бала кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде Франция мен Ұлыбританиядағы балалар жағдайы сын көтермейді. 2012-2014 және 2019-2021 жылдар аралығында кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылар саны шамамен 6 миллионға кемісе де 40 елдегі 69 млн-нан аса бала құнарлы тамақ ішу, маусымдық киім алу, оқу құралдарына қол жеткізу мүмкіндігінен айырылған, олар жылуы жоқ суық үйлерде өмір сүреді. Елдің экономикалық көрсеткіші мен даму деңгейінің жоғары болуы сол ел азаматтары таршылықта өмір сүрмейді деген жаңсақ ұғым тудырмауы тиіс. Ұлыбританияда 19,6 адам кедейлік шегінен төмен өмір сүрсе, Францияда бұл көрсеткіш - 10,4 пайыз. Баяндама авторлары, сонымен қатар, дамыған елдердің ақ нәсілді азаматтары мен түсі өзге адамдар мен мигранттар арасындағы табыстың әділетсіз бөлінуіне назар аударғани екен. Мәселен, Америка Құрама Штаттарында жергілікті америкалықтардың 29 пайызы және афроамерикалықтардың 30 пайызы кедейлік шегінен төмен өмір сүрсе, ақ нәсілділердің арасында бұл көрсеткіш 10 пайыз ғана. Еуропалық Одақта иммигранттардың балалары, тіпті, олар сол елдің азаматтығын алса да осы елдердің жергілікті азаматтарына қарағанда кедейлік шегінен төмен өмір сүру қатері 2,4 есе жоғары.

0 пікір
Мұрағат