Үндістанда 300 жылдық тарихы бар мешіт сүрілді
|
![Үндістанда 300 жылдық тарихы бар мешіт сүрілді](https://static.islam.kz/uploads/images/qC1/O2b/PSsovBdzUO1MRoSw-lg.png)
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында билік төселетін тас жолға кедергі келтіреді деген желеумен 300 жылдық тарихы бар мешітті қиратты. Бұл жайында islam.kz порталы Times Now News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мұсылмандардың құлшылық үйі ірге тепкен Шерпур елдімекеніндегі Мұзаффарнағар ауданында жалпы республикалық тас жолды кеңейтілмек. Көне ғибадат ғимаратын көшіру мүмкін болмаса да жергілікті билік мұсылман жамағатына «мешітті көшіруді» ұсынған. Артынша жол құрылыс басқармасы 300 жылдық тарихы бар діни ғимаратты сүріп тастаған. Бұдан бөлек, Үндістанның Ұлттық автокөлік жолдары басқармасы бір мезгілде дерлік Карнатака штатындағы Майсұр қаласындағы аялдамадағы павильонды бұзуға бұйрық берді, себебі, аялдама павильонының шатыры мешітке ұқсайтын күмбездермен безендірілген. Осылайша Үндістанның ұлтшыл билігі түрлі желеумен ислам құндылықтарын еске түсіретін белгілерден біртіндіп құтылып жатыр.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)