|
"Үндемегені" үшін айыпты болып жатыр
|
Естеріңізде болса, Мысырда наурыз айында өткен президент сайлауы қарсаңында осынау саяси науқанға қатыспаған ел азаматтарына айыппұл салынатыны турасында хабарлаған болатынбыз. Авторитарлы елде билік азаматтардың еркімен санаса бермейді. Сол сайлауда Әбдіфаттаһ әл-Сиси 22 млн дауыспен жеңіске жетіп, билік тізгінін толық қолына алған еді. Яғни, дауыс берушілердің 97%-ның қолдауына ие болған еді. Бұған да көңілі толмаған билік, дәлірегі, аталмыш елдің бас прокуратурасы саяси науқанға орынды себепсіз қатыспағандарға 500 фунт (28 доллар) мөлшерінде айыппұл салмақ. Пирамидалар елінің сайлау комиссиясының келтірген мәліметіне қарағанда, 60 млн-дық сайлаушының 34 823 000-ы сайлау учаскесінде төбе көрсетпеген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді