|
Ұлыбританияда қытай дрондарын пайдалануға тыйым салуы мүмкін
|
Британның министрлер кабинеті полицияның DJI қытай фирмасы құрастырған дрондарды пайдалануына байланысты құпия деректердің қолды болуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы Telegraph мерзімді басылымының сайтына (telegraph.co.uk) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Олар қолданбалары арқылы телефондардан немесе басқа құрылғылардан құпия деректерді жүктеп алу үшін пайдаланылуы мүмкін деп алаңдайды», - делінген мақалада. Хабарда келтірілген мәліметке қарағанда, британдық қауіпсіздік күштері пайдаланатын 337 дронның кем дегенде 230-ы қытай компаниясының өнімі. Бақылау комиссары Фрейзер Сэмпсон қауіпсіздікті бағалауға дейін ұшқышсыз ұшақтарды сатып алуды тоқтату мәселесін қарастыруды талап етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді