|
Ұлыбритания шетелдіктерге жаңа салық еңгізуді жоспарлап отыр
|
Осылайша, Тереза Мэй Британиядағы үйлердің бағасының өсуін тоқтатпақ.
Ұлыбритания премьер – министрі тереза Мэй The Sunday Times газетіне берген сұхбатында болашақта шетелдіктердің үй сатып алуына қосымша салық еңгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Премьер – минстрдің айтуынша бұл бастама арқылы Ұлыбританиядағы үй бағасының өсуін тоқтатуға болады.
Тереза Мэйдің ұсынысына сәйкес Британиядағы салық төлемейтін адамдар мен кәсіпорындар мүлік сатып алу барысында баж түрінде қосымша 1%-дан 3%-ға дейінгі аралықта ақы алады. Сонымен қатар бұл салықтан жиналған бюджет кірістері үйсіздермен күрес бағдарламасына аударылмақ.
Бұл идеяның қай уақытта жүзеге асатының премьер – министр нақтыламады, алайда, бұл ұзақ мерзімді жұмыс екенін еске салды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады
■
Оңтүстік Азия елдері шетелден қаржыландырылатын ұйымдарға талапты қатайтып жатыр