Үйлену алдындағы міндетті медициналық тексеру тізімі толықтырылды
Үйлену алдындағы міндетті медициналық тексеру тізімі толықтырылды
10 ай бұрын 977 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары кейбір елдерде отбасын құруға ниет еткендерге неке қидырмастан бұрын міндетті медициналық тексеруден өтуді міндеттейтін ереже енгізіліп жатыр. Ең алдымен жазылуы қиын жұқпалы аурулардың (ВИЧ, мерез, тұқым қуалайтын аурулар, соның ішінде ақыл-ес кемдігі, т.б.) бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін медициналық тексеру өз кезегінде болашақ ұрпақтың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға әрі ажырасудың алдын алуға көмектеседі. Әзірбайжанда бұдан былай ихтиоз (тұқым қуалайтын тері ауруы, адам терісі балық қабыршықтанып тұратын дерт) және буллёзді эпидермолиз (бұл да тұқым қуалайтын тері ауруы - тері жарылып, шырыштанып, күлдіреп кетеді болар-болмас жарақаттан) бойынша міндетті медициналық тексеруге жататын аурулар қатарын толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Әзірбайжан республикасы министрлер кабинетінің «2023-2027 жылдарға арналған ихтиоз және эпидермолиз ауруын емдеу және алдын алу шараларының бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес шаңырақ көтергісі келетіндер үшін міндетті медициналық тексеруге жататын аурулар. Осы мақсатта заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындалып, медициналық тексерулер жүргізетін медициналық мекемелер анықталып, басқа тексерулермен қатар аталған аурулар бойынша тексерулердің жүргізілуі қатаң бақылауға алынады.

0 пікір
Мұрағат