|
Түземдіктер (аборигендер) Жаңа Зеландиядағы терактіден қаза тапқан мұсылмандарды би билеп, еске алды (видео)
|
"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген мақал бар емес пе. Әр ұлт өзінің дүниетанымына орай қайғыға ортақтасып, қуанышын бөлісіп жатады. Біреулер қара жамылса, енді біреулері билейді дегендей... Күні кеше күллі әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерчтегі мұсылмандарға қарсы қанқұйлы оқиғаға әркім өз салтына сай көңіл білдіріп жатыр. Солардың бірі Жаңа Зеландиядағы байырғы халықтардың бірі - маори түземдіктерінен тұратын байкерлер исламофобтардың қолынан бақилық болған мұсылмандардың құрметіне би биледі. "Хака" деп аталатын өздерінің дәстүрлі биін билеп берді. Осылайша, исі мұсылман аза жамылған күні өздерінің мұсылмандармен бірге екенін білдірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады