Тұтқындарға жаза өтеу мерзімін қысқартуы үшін донор болуға мүмкіндік беретін заң жобасы қарастырылады
Тұтқындарға жаза өтеу мерзімін қысқартуы үшін донор болуға мүмкіндік беретін заң жобасы қарастырылады
1 жыл бұрын 1301 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Массачусет штатында демократтар түрмедегі тұтқындарға жаза мерзімін қысқартуы үшін ағзаларын, соның ішінде сүйек кемігін донорлыққа беруін қарастыратын заң жобасын ұсынды. Донор болуға келісімін берген тұтқынның жаза өтеу мерзімі бір жылға қысқарады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттарындағы тұтқындарға жақын туыстарына донор бола алатын сирек жағдайларды қоспағанда көптеген штаттарда ағзасын донорлыққа беруге рұқсат етілмейді. Сүйек кемігін және өзге ағзаларын донорлыққа беру бағдарламасы сотталғандарға түзеу мекемелерінде жазасын өтеу мерзімін кемінде 60 және 365 күннен аспайтын мерзімге қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылардың айтуынша, аталған жобаның жүзеге асу мүмкіндігі өте аз. Шын мәнінде, бұл заң жобасында көзделген ереже, тіпті, федералды заңға қайшы келуі мүмкін, өйткені, 2007 жылғы ұқсас заң жобасы 1984 жылғы «Ағзаны трансплантациялау туралы ұлттық заңға» қайшы келетіні үшін сынға алынған еді, өйткені, бұл заңда «адамның кез келген мүшесін бағалы сыйлыққа айырбастау үшін сатып алу, алу немесе басқа жолмен саналы түрде беруді заңсыз етеді..» деп айтылған.

0 пікір
Мұрағат