Тұтас ел аумағының 30%-ы қорыққа айналдырылады
Тұтас ел аумағының 30%-ы қорыққа айналдырылады
1 ай бұрын 497 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі 2030 жылға дейін ел аумағының 30%-на дейінгі жерді қорыққа айналдыруды көздеп отыр. Бұл туралы islam.kz порталы ағылшын тілінде хабар тарататын Би-би-би ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің министрлер кабинеті мемлекет қамқорлығы мен қорғауына алынатын табиғи парктердің аумағын 400 мың гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осылайша он жылдан соң ел территориясының 30%-на ерекше мәртебе бермек. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон биологиялық әр алуандылықтың көз алдымызда құрып бара жатқанына көз жұмып қарап отыра алмайтынын мәлімдей келе, мұндай маңызды мәселені кейінгі шегере алмайтынын, сол себепті, бүгіннен бастап бұл бағытта кешенді іс-шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Ұлыбритания субьектілерінің, атап айтқанда, Англияның, Солтүстік Ирландияның, Уэльстің және Шотландияның қай өңірлері қорыққа айналдырылатынын ел билігі мен жергілікті билік бірлесе отырып шешетін болады

0 пікір
Мұрағат