|
Түркияның Albatros Kamikaze İDA Swarm ерекше қаруы сынақтан сәтті өтті (видео)
|
Түркияның қорғаныс саласының флагманы атанған ASELSAN компаниясы құрастырған Albatros Kamikaze İDA Swarm камикадзе катері санаулы сәттерде нысанаға алған кемені су түбіне жіберді. Бұл жайында islam.kz порталы Savunma Sanayi ST ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сынақ алдында қоршаған ортаға зиян келтірмеуі үшін барлық жанар-жағармай кемеден шығарылды. Defence Express сарапшылары түріктердің камикадзе қайықтарының сәттті жүзеге асқан алғашқы жобасы екенін атап өтті. Сынақ кезінде Albatros Kamikaze İDA тобына жататын, Roketsan оқтұмсығы орнатылған Albatros-S ұзындығы 69 метрге жететін кемені жойды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады