Түркияның аймақтағы ықпалын арттыратын бірнеше фактор аталды
Түркияның аймақтағы ықпалын арттыратын бірнеше фактор аталды
1 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің сарапшының пікірінше, Таяу Шығыстағы Түркияның ықпалы артады әрі бұл фактор Израилдің аймақтағы тынысын тарылтады. Дәлірегі, өңірдегі саяси жүрісі мен маневр жасау мүмкіндігін тарылтады. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу Шығыс өлкесі Иран мен Америка құрама штаттары және Израилдің арасындағы қарулы қақтығыс пен текетірестен геосаяси әрі стратегиялық тұрғыдан маңызын өзгертті. Түркия мен Израилдің арасы Газа секторындағы ахуалға байланысты ушығып кеткен. Тел-Авив университетінің және Жоржтаун жоғарғы оқу орнының халықаралық қатынастар профессоры Йосси Шейннің аймақтағы күштер арасалмағына қатысты пікірі бойынша Израил билігінің әрмендер геноцидін мойындауы екі ел арасын одан ары ашты. Бұл тарихи тақырып саяси құралға айналып, дипломатиялық текетіреске ұласқан. Түркия әлем қауымдастығына қоғамдық ықпалын пайдаланып, Израилге қысымды күшейтуге талпынып отыр. Дәлірегі, Газа секторындағы израилдіктердің әскери қылмысын бетке ұстап, Израилді жағымсыз жағынан көрсетуге ұмтылады. Бұдан бөлек, Түркия Анкара қаласында Солтүстік Атлант саяси әрі әскери альянсқа (НАТО) мүше елдердің басын қосып, алқалы жиын өткізуге дайындалып жатыр. Геосаяси маңызы зор бұл саяси науқан да Түркияның салмағын арттыра түседі. Аймақтағы күштердің арасалмағы Түркияның пайдасына ойысып барады. Оның үстіне, Парсы шығанағы елдері Америка құрама штаттарымен арақатынасын қайта қарастырмақ – АҚШ-Иран арасындағы келісімнің Иран пайдасына шешілуіне наразы. Түркия араб елдерінің осы наразылығын пайдаланып, АҚШ-пен арадағы қатынасын нығайтып, аймақтағы ықпалын арттырудды көздейді. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы негізгі одақтастарының бірі Саудияның тәулігіне 10 млн баррелге дейін мұнай тасымалданатын Үрміз бұғазын бұғаттан босатуға қатысты америкалықтардың әскери операциясын құптамай отырғандығы, ең бастысы осы мақсатта өз әуежай базасын пайдалануға бермегендігі, сондай-ақ, еуропалық елдердің (АҚШ одақтастары) бұл операцияға атсалысудан бас тартқандығы АҚШ-тың адамын қысқартып, Иранмен келіссөз жүргізуге итермелеген болатын. 

0 пікір
Мұрағат