Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекетін Ердоғанның өзі қасақана жасаған - Шетел шолушылары
Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекетін Ердоғанның өзі қасақана жасаған - Шетел шолушылары
8 жыл бұрын 3084 tengrinews.kz Murad Sezer / Reuters

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс әрекетін ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның өзі қасақана жасаған, - деп жазады "The Independent" ағылшын басылымы.

"Кейбір шолушылар бұл төңкерістің Ердоғанға армиядағы қарсыластарын жойып, Түркиядағы билігін күшейту үшін қасақана жасалған болуы мүмкін екендігін айта бастады", - деп жазады аталған басылым беттерінде. 

Еуропалық журналистердің бірі шыққан бүлікті биліктің өзі жасады деген тоқтамға келеді. "Біз мерзімінен бұрын болатын сайлауға куә болатын шығармыз, бұл сайлауларда Түркия президенті дауыстың басым бөлігін жинап алуға тырысады. Тіпті конституция өзгеруі мүмкін, ол жақтан зайырлылық жоғалып, ислам мотивтері пайда болатын шығар", - деп жазады "Политико" тілшісі Райан Хис.

Бұл пікірді Ердоған бүлік шығаруға Пенсильваниядан бұйрық берді деп айыптаған ислам уағызшысы Фетхуллах Гүлен де айтып отыр. Оның пікрінше, Түркияда мемлекеттік төңкерісті билік басындағылар өздері ойлап тапқан.

Еске салайық, 2016 жылдың 15 шілдесінде кешкі уақытта Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болғаны анықталды. Түрлі мәліметтер бойынша қаза болғандардың саны 160-тан 190-ға жеткен. Олардың ішінде 41 полицей, 47 бейбіт тұрғын, 2 сарбаз және 104 бүлікшінің бар екендігі айтылады. Тайип Ердоған бүлік шығарды деп әскерилерді айыптап, ел азаматтарын көшелер мен алаңдарға шығуға шақырды. Тергеу аясында 2,8 мың адам қамауға алынды. Сонымен қатар, бес генерал мен 29 полковник қызметтен босады.

0 пікір
Мұрағат