|
Түркияда тұруға ықтиярхат иелерінің саны 1 млн-нан асып барады
|
Түркияның ішкі істер министрлігі келтірген дерекке қарағанда, наурыз айының орта шеніндегі мәлімет бойынша ел аумағындағы тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер қарасы 1 млн адамнан асып кеткен. Дәлірегі, 1,08 млн адамға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркияда тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтардың арасында қай елдің азаматтары көп: 120 301 азаматы бар Түрікменстан бірінші орыннан көрінген. Әзірбайжан - 84 085, Ресей - 81 635, Иран - 76 601, - 73 178, Ирак - 68 341, Өзбекстан - 58 208, Қазақстан - 43 934, Ауғанстан - 36 897, Украина - 32 мың 785.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды